26.06.2023, 15:16
Оқылды: 68

Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдер және дене шынықтыру мен спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бәйтерек ауданы әкімінің 2023 жылдың 26 маусымдағы №110 өкіміне және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес Нұржан Дүзбатыр аудандық мәдениет, тілдер және дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

IMG-20230626-WA0042

Жаңа басшыны ұжымға таныстарыған аудан әкімінің орынбсары Ерлан Ғалиев атап өткендей, Нұржан Тоғызбайұлы - аудандағы біраз мекемеде түрлі лауазымды қызмет атқарған, білім-білігі мол азамат.

- Нұржан Тоғызбайұлының еңбек өтіліне қарап отырсақ, мәдениетпен тығыз байланысты болған екен. Мәдениет – қоғамның айнасы, руханият келбеті екені белгілі. Аудандық басылымға жетекшілік жасаған кезде елдегі, әлемдегі қоғамдық-саяси жағдайларды бағамдап, зерттеп, халыққа жеткізіп отырды. «Өткен тарихты білмей алға қадам жасау мүмкін емес» демекші, аудандық тарихи-өлкетану музейінде еңбек еткенде ауданның өткеніне көбірек үңілгені аян. Еліміздегі жетекші партияның аудандық филиалында, аудан әкімі аппаратында да көп жұмыс атқарды. Аудандық мәдениет, тілдер және дене шынықтыру мен спорт бөлімі – халықпен етене жұмыс істейтін мекеме. Оның білімі мен біліктілігі мұндағы қызметті жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз, - деген Ерлан Ерсайынұлы осы уақытқа дейін бөлім басшысы міндетін уақытша атқарып келген Руфина Рамазанқызына алғысын айтты.

Аталмыш бөлімнің ұжым мүшелері де жаңа басшыға игі тілектерін білдірген соң сөз алған Нұржан Дүзбатыр аудан әкімінен аталмыш лауазымға бару жөнінде ұсыныс түскенде бірден қабыл алғанын, осы кезге дейін жинаған тәжірибесін бөлімді дамытуға жұмсайтынын айтты.

 - Мемлекеттік қызметте ана мекемеге барамын, мынаған бармаймын деген жоқ. Басшы қайда жұмсайды сол жерден табылуымыз керек деп есептеймін. Бұл ұжым маған жат емес, алдымызға қойылған міндеттерді абыроймен атқарамыз деген ойдамын, - деді Нұржан Тоғызбайұлы.

Айта кетейік, Н.Дүзбатыр бұған дейін Переметный мектебінің мұғалімі, Қ.Аманжолов атындағы білім ұясы директорының орынбасары, аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, аудан әкімі аппаратында бас маман, аудандық ішкі сясат бөлімінің басшысы лауазымдары бойынша еңбек етті. Соңғы қызметі - аудан әкімі аппаратының басшысы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале