27.06.2023, 18:00
Оқылды: 39

Аспанда ән қалықтаған күн

Тасқала ауданының 90 жылдығына орай «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор, ауданымыздың әнұранына айналған «Жайнай бер, Тасқала» әнінің авторы Доненділ Қажымов пен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз, әнші Қанатқали Қожақов гастрольдік сапармен Тасқала ауданында болып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Без имени1
Мерей, Ақтау ауылдарынан басталған концерт ауданның барлық округінде жалғасып, соңғы нүктесі аудан орталығында қойылды.

IMG_20230627_164939

Екі күнге жуық тегін концерт тамашалаған тасқалалық ағайын бір сергіп қалды. Көрерменге керемет көңіл-күй сыйлаған әдемі кеште Донеділ Қажымов «Ақ жайық – ару мекенім», «Алдымнан қалқам кезіктің», «Алтынай», «Өзіңмен ғана билеймін», «Орал, әнім сенсің, шалқыған» әндерін әуелете шырқаса, ауданның 90 жылдығы қарсаңында мерейлі 70 жасқа толған Қанатқали Камокұлы «Ауылымды сағындым», «Жайық қызы», «Домбыра», «Ақсақалдар», «Неге» әндерін көпшілікке тарту етті.

 

Назгүл Серік,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале