30.06.2023, 12:00
Оқылды: 32

Сарбаздар жоғалған телефонды тауып берді

Орал қаласында орналасқан Ұлттық Ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қамтасыз ету кезінде жоғалған ұялы телефонды тауып, иесіне қайтарды.

image-30-06-23-10-21

Орал қаласының тұрғыны шамамен сағат 18:35 шамасында көше қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген сарбаздардан өзінің жоғалтқан «Redmi 09 Pro» ұялы телефонын тауып беруге көмек көрсетуін сұрайды.

Осы уақытта Тұңғыш президент алаңында  патруль басшысы, қатардағы Қайрат Қайыров және кезекші патрульдық топ жоғалған ұялы телефонды іздеп тауып, иесіне қайтарды.

ҚР Ұлттық Ұланы  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале