1.07.2023, 12:31
Оқылды: 21

БҚО-да коммуналдық қызметтің басшылары қаржы жымқырғаны үшін сотталды

 Батыс Қазақстан облысы «Теректі - таза су» мекемесінің лауазымды тұлғалары бюджет қаратын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

акша1

Антикордың мәліметінше, Теректі аудандық сотымен «Теректі-таза су» мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім жарияланды.

«Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды», - деп жазды ведомстводан.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале