3.07.2023, 17:00
Оқылды: 26

«Шатырлы көпсайыс – 2023» жарысы өтті

29 маусым және 1 шілде күндері Ақпәтер ауылында аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен жазғы каникул күндерін тиімді пайдалану бағытында оқушылар арасында жаяу туризм техникасынан аудандық «Шатырлы көпсайыс – 2023» жарысы өтті.

IMG-20230703-WA0072

Өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Ақпәтер және Қайыңды жалпы орта білім беретін мектептерінен 18 оқушы қатысты.

IMG-20230703-WA0074

-Туриада мақсаты оқушылардың туристік - спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту. Сонымен қатар көпшілік спорттық туризмді дамыту және насихаттау, туристік техникалық және тактикалық шеберліктерін шыңдау міндеттерін де орындап отырмыз. Оқушылар арасындағы жаяу туризм техникасынан аудандық «Шатырлы көпсайыс 2023» жарыстары 5 кезеңде ұйымдастырылады. Әр кезеңде 2 мектептен жалпы 80 оқушы қамтылады, - деді орталық директоры міндетін атқарушы Ербол Малаев.

IMG-20230703-WA0073

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале