4.07.2023, 17:16
Оқылды: 8

Түлектер ауылға радио тарту етті

Жуырда Казталов ауданының Көктерек ауылында «Қазақ радиосының» үні естілді.

InShot_20230704_170613887

Мұнда түлектердің бастамасымен құны 335 мың теңгені құрайтын радио құрылғысы сатып алынып, Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының маңындағы Сақып Ақбаев көшесіне орнатылды.

IMG_20230704_170844

Қазіргі уақытта ауылда таңғы сағат 09:00-ден бастап «Қазақ радиосы» қосылып, халықты еліміздегі ақпараттардан хабардар етіп, әсем әуендерімен көңілді тербетіп отырады.

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале