11.07.2023, 17:15
Оқылды: 54

Әлемде көпұрықты жүктілік саны өсіп келеді

Репродуктивті емдеу ауқымы төмендегеннен кейін, коронавирус пандемиясы кезеңінде әлемде көпұрықты жүктілік санының өсуі қайта тіркеліп жатыр. Үрдіс медициналық әдістерді жетілдіру аясында барлық жерде байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

перинатал

Коронавирустың таралуына байланысты шектеулер аясында соңғы бірнеше жылда ЭКО (экстракорпоралды ұрықтандыру) сияқты процедуралар саны төмендеді.

АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және Түркияда медицина жолында шектеулер алынып тасталғаннан кейін көпұрықты жүктілік саны өсіп жатыр. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш төмендеген.

Оксфорд университетінің «Адам репродукциясы» журналында жарияланған зерттеуде 165 елде 2010-2015 жылдары егіз балаларға аяғы ауыр әйелдер көрсеткіші туралы деректер жиналған. Бұл деректер 1980-1985 жылғы сандармен салыстырылды. Зерттеу көрсеткендей, 1980 жылдары әлемде егіздердің дүниеге келуі үштен бірге артқан, яғни 1000 баланың 9,1-12 жағдайы тиесілі.

Түркия статистика институтының (TUIK) мәліметінше, 2019 жылы әр туған баланың 3,1 проценті көпұрықты болды. Оның 96,4 проценті – егіздер, 3,4 проценті – үшем және 0,2 проценті – төртем және одан көп.

2019 жылы 3,1 пайызды құрайтын көпұрықты туу коэффициенті 2020 жылы 2,9 процентке дейін төмендеді. Ол 2021 жылы қайта 3,1 процентке дейін өсті.

Осы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы 1 миллион 35 мың 795 дүниеге келген сәбидің 3,2 ппроценті көпұрықты нәресте.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале