Бүгін сағат 15:20 шамасында Орал қаласындағы Шаған өзенінен (Деркөл кенті маңы, Орал қалалық қазақ-түрік лицейі тұсынан) жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2006 жылы туған балаларды құтқарды. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Балалар өзеннің тыйым салынған бөлігінен су ортасына дейін жүзіп барып, батып кете жаздаған.
Құтқарылған жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмаған.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздікті қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Айта кетсек, облыста шомылу маусымы басталғалы бері екі адам суға кетіп қаза тапты.
zhaikpress.kz