12.07.2023, 16:45
Оқылды: 21

Бәйтерек ауданы: 680 бума шөп өртенді

11 шілде күні сағат 06:11-де Щапов ауылдық округінде өрт шықты. Жаңатаң ауылынан бір шақырым жердегі «Ғабды-Ғали» шаруа қожалығының ашық алқабындағы 200 шақырым алаңда 680 бума шөп (170 тонна) маяланған шөп (скирд) өртенді.

IMG-20230712-WA0041

Қызыл жалын 12 шілдеге қараған шақта, яғни түнгі сағат 03:26-да толықтай сөндірілді. Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбайыровтың айтуынша, өрттің қайта тұтануын болдырмау үшін таңғы сағат 6-00-ге дейін сол маңда күзет ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Мал шығыны да орын алған емес.

IMG-20230712-WA0043

Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімі және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің №38 өрт сөндіру бөлімі, барлығы жеті жеке құрам, екі бірлік техника жұмылдырылды. Орман шаруашылығы қызметкерлері де көмек қолдарын созды.

Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары анықталып жатыр. Төтеншеліктер тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аптап ыстықта өрт пен судан абай болуға шақырады.

 

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале