13.07.2023, 15:15
Оқылды: 26

«Қамқорлық қоры» Казталовта оңалту орталығын ашуға ниетті

Бұл туралы Казталов ауданына жұмыс сапарымен келген «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова айтты.

IMG-20230712-WA0045

«Қамқорлық» корпоративтік қоры 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің «Қамқорлық» бастамасын іске асыру үшін құрылған.

Қор директоры Арайлым Еркінова аудан әкімі Асланбек  Сарқұловтың қабылдауында болып, қордың Казталов ауданында балаларға арналған оңалту орталығын ашуға ниетті екенін жеткізді.

- «Қамқорлық қоры» қоры «Қазақстан халқына» қорымен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп оңалту көмегінің қолжетімділігі үшін, өңірлердің шалғай аудандарында оңалту орталықтарын ашу жобасын іске асырып жатыр. Батыс Қазақстан облысының балалары үшін Казталов ауданында оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта жергілікті атқарушы билік тарапынан орталыққа 1000 шаршы метр ғимарат қарастырылуы қажет. «Қазақстан халқына» қоры 240 млн теңге көлемінде оңалту орталығын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында қаржы бөлсе, 29 маманды оқыту және өзге де жұмыстарды «Қамқорлық қоры» қоры жүзеге асырады. Оңалту орталығы жақын маңдағы аудандардың балаларын да қабылдайды. Жалпы жылына 600 бала орталық қызметіне жүгіне алады, - деді қор директоры.

IMG-20230712-WA0049

Аудан әкімінің қабылдауында қор директорымен бірге Казталов аудандық ауруханасының директоры Руслан Ахметжанов та болып, аталған мәселе кеңінен талқыланды.

Асланбек Ахметоллаұлы қордың ауданда оңалту орталығын ашу бастамасын қолдайтындығын, қажетті шараларды қабылдайтындығын атап өтті.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале