Оқиға 14 шілде күні болған. 1963 жылғы С. есімді азамат жұмыс кабинетінде қаза тапқан. Бұл фактіні полиция департаменті растады.
14 шілде, 17:30 шамасында 102 байланысына С.Датов 4/4 мекен жайынан 1963 жылғы ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті.
- Ер адам бұрын жүрек ауруымен есепте тұрған, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.
«Оқиға орнына жедел барған жедел жәрдем көлігі 1963 жылғы адамның өлімін тіркеді. Марқұмның денесінен ешқандай соққы іздері, зорлық белгілері анықталмады», делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
zhaikpress.kz