Қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінің БҚО-дағы департаменті жүргізіп жатыр.
Аталмыш компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген. Сонымен бірге «Chia Tai Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.
Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
zhaikpress.kz