19.07.2023, 16:15
Оқылды: 32

Бейбіт заманның батырлары

Өткен аптада Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округінде алапат өрт болып, қызыл жалын 7000 га алқапқа «аунап-қунап», әрең сабырға келген.

PHOTO-2023-07-12-17-11-17

Жалынмен күресте өрт сөндірушілермен бірге ерікті құрам, яғни мекеме қызметкерлері мен қарапайым халық та қайрат көрсетті.

Мына сурет жүректі жылытады екен. Жалынмен арпалысып әбден қажыған өрт сөндірушілер күре жолдың бойына бел суытыпты. Күннің оңай болмағаны байқалады. Бірақ, жұмыстың аты – жұмыс!  Біздің ше, мектептегі балалардың «Өскенде өрт сөндіруші боламын!» деп кеуде көтере айтуына әбден болады.

Далада қызыл жалын лапылдады,

Мүмкін, елге, ауылға жақындауы.

Өрт сөндірушілер жүр от ішінде,

Олар – бейбіт заманның батырлары!

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале