20.07.2023, 17:00
Оқылды: 26

Еларалық айтыстың жүлдегерін қабылдады

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов белгілі айтыс ақыны Бауыржан Ширмединұлын қабылдады.​
PHOTO-2023-07-20-09-01-09
Бауыржан осы айда Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысының Қарақол шаһарында дала данагөйлері Садыр әке мен Қыдыр әке құрметіне арналған қазақ-қырғыз ақындары арасында «Улутум басты улуу жол, улуктардай бийик бол» атты еларалық айтыста жүлделі І орынды иеленіп, қазақ өнерінің жалауын Алатаудың арғы жағында да желбіреткен еді.​
Бұдан бөлек, әріптесіміз Түркістан қаласында Адамзаттың асылы, қос дүниенің сардары Мұхаммед пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арналған республикалық тұңғыш жыр сайысында ІІ орынның иегері атанды.​
Жұмагелді Батырниязов айтыскерге шығармашылық табыс, ауыз әдебиетінің алтын топсасы - айтысты дамыту жолында ерен қайраткерлік тіледі.​
Әкім ақынға жүлдесінің сүйіншісі ретінде жерлестерінің атынан қаржылай сыйақы табыс етті.
Айта кетейік, Бауыржан Ширмединұлы - қазақ айтысының қайқы қылышы, батыс ақындарының бас бапкері, көрнекті ақын Бауыржан Халиолланың шәкірті.
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале