21.07.2023, 11:00
Оқылды: 25

Кәсіпкерде екі мақсат бар: пайда табу және елге көмектесу

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов кәсіпкерлермен кездесті.​

IMG_4582

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, ауданда 232 ЖШС тіркелген болса, оның ішінде 224 серіктестік нақты жұмыс жасап, 102 адамды еңбекпен қамтып отыр.​
985 жеке кәсіпкер 400 адамға жұмыс тауып берсе, 422 шаруа қожалығында 308 адам еңбек етіп жүр.​

Бүгінгі танда аудан аумағында 149 жеке кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда. Атап айтқанда, 6 автосервис, 53 азық түлік дүкені, 17 қоғамдық тамақтану орны, 6 тойхана, 3 ателье, 5 дәріхана, 1 ветеринарлық дәріхана, 7 ет дүкені, 7 киім дүкені, 4 автокөлік құралдары дүкені, 10 құрылыс заттарын сататын дүкен, 14 қызмет көрсету орыны, 1 қоғамдық монша, 3 наубайхана және 5 шаштараз бар.

Жиында аудандағы кәсіпкерлік саласын әртараптандыру, жұмысшыларды заңды негізде жұмысқа алу секілді мәселелер айтылды.​

IMG_4583
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов Жымпиты кентін абаттандыруға байланысты жаңа жобаларды таныстырды.

Атап айтсақ, орталық сауда маркеттері орналасқан С. Датұлы көшесіне арбат, скверлер салу, Амангелді көшесіндегі ескі жатақхананың орынына көпқабатты үй мен жалға беру ғимараттарын салу, Өлеңті өзенінің жағасына саябақ салу секілді болашақтың жұмыстарына қалталы азаматтардың қолдауы керек-ақ.​

- Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - екеу. Біріншісі - пайда табу. Екіншісі - елге көмектесу. Сіздерді елдік жұмыстарға атсалысуға шақырамын, - деді аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы.​

Бауыржан Ширмединұлы,​
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале