21.07.2023, 15:30
Оқылды: 25

Мерейгерге құрмет көрсетілді

Переметный ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Сәлима Айтпаева мерейлі 85 жасқа толды. Соған орай Переметный ауылдық округі әкімдігіне жергілікті атқарушы билік, қоғамдық ұйым өкілдері, мерейгердің туыстары, достары жиналды.

IMG_20230721_102151_711

- Бүгін осында жиналғандар үшін ерекше күн, шағын мереке десек те болады. Сәлима апамызды бәйтеректіктер, соның ішінде аудан орталығының тұрғындары жақсы біледі. Ол кісі - еліміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан жандардың бірі. Сол себепті оны ауыл тұрғындары құрмет тұтады. Сонымен қатар оның перзенттері де егемен еліміздің дамуына атсалысып жүр. Мәселен, ұлы Арман Айтпаев - ауданымызға ғана емес, облыс көлеміне танымал азамат. Қызы Гүлжиян Шатокқызы – белсенді мемлекеттік қызметкер. Бүгінде ел анасына айналған Сәлима апамыздың деніне саулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз, - деген Переметный ауылдық округінің әкімі Алексей Герасимов мерейтой иесіне Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

IMG_20230721_102100_217

Одан соң аудандық мәдениет, тілдер және дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, Переметный ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Николай Анципрович, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері сөз алып, жылы лебіз-тілектерімен бөлісті.

Ал жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале