21.07.2023, 17:00
Оқылды: 46

БҚО-да бұрын сотты болған тұрғын көршісінен ақша бопсалаған

БҚО-дағы Шыңғырлау ауылының бұрын екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғыны бостандыққа шыққаннан кейін, тағы аяғын ашлыс басты. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол техникалық қызмет көрсету станциясыи есінен ақша бопсалаған. БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында ауыл тұрғынының қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі.

БҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері бопсалаушыны ұстады.

Департаменттің баспасөз қызметік хабарлағандай, 42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолданып, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған. Жеке тінту барысында ұсталған адамнан жәбірленушіден алған 60 мың теңгесі, сонымен қатар одан ерекше иісі бар қара-жасыл заты бар қағаз бумасы және ОРРО телефоны табылып, тәркіленді.

InShot_20230721_164723705

42 жастағы күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 18 жылға жуық бас бостандығынан айыру орындарында отырған. Белгілі болғандай, мұндай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру нәтиже бермей, қайтадан бостандыққа шығып, тағы да қылмыстық жолға түскен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале