Жосалы ауылдық округінің әкімі Батырғали Иманқұлов Тамды елді мекенінің тұрғындарымен жүздесіп, оған Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева қатысты.
Тамды – даланың құшағында тұрған құтты ауыл. Ағайынның жүрегіндегі қалаға қарай алып ұшу басылған. Берекелі тірліктің белгісі сол, шаңырақтар жанға, төскей малға толып келеді. Мектеп жасындағы балалар Қоңыр ауылына автобуспен тасымалданады.
Әрине, ел болғасын үйлеспей жатқан шаруа, тарқамай тұрған түйткілдер болады. Тамдылықтарға алдымен керегі – жол. Кешегі жиында байланыс сапасының нашарлығы мен электр сымдарының, бағандарының тозғаны әңгіме болды.
Сауалдарға Жұмагелді Батырниязовтың өзі жауап берді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz