26.07.2023, 12:30
Оқылды: 27

Полицияның жартыжылдық жұмысы қорытындыланды

БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі  Абылайхан Серіков аудандық полиция бөлімінің ұжымымен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қатысты.

20230725063449_IMG_4304

Департамент басшысының орынбасарымен кездесуде Казталов аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция майоры Марлен Қарабаев 2023 жылдың 6 ай бойына атқарылған жұмысы жөнінде баяндады.

20230725063552_IMG_4309

- Аудандағы 2023 жылдың 6 айлық жедел жағдайдың талдамасы бойынша Казталов аудандық полиция бөлімі аймағында 47 сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізімі тіркеліп, соның 34-і өндіріспен аяқталды. Қылмыстардың жалпы ашылуы – 72,7 пайызды құрап отыр. Тіркелген қылмыстардың ішінде көп орын алып отырғаны бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы. Соның ішінде 16 мал ұрлығы, бір пәтер ұрлығы, бір ұялы телефон ұрлығы тіркелген, – деді.

20230725063511_IMG_4306

Жиында құқық қорғау органдары қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы өзара іс-қимыл жұмысы талқыланды.

Сонымен қатар БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары мал ұрлығының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмысын жетілдіру, қылмыстарды ашу көрсеткішін арттыру, пробация есебіндегі азаматтарды бақылауды күшейту бағытында бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ облыстық полиция департаменті тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале