26.07.2023, 15:00
Оқылды: 115

Интеллектуалды ойын өтті

Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Щапов ауылдық кітапханасында "Білімді бала - ел ертеңі" атты интеллектуалды ойыны өтті.

FB_IMG_1690341504353

Сайыс "Сәлем - сөздің анасы", "Мақалдың жалғасын тап", "Жұмбақ - ойдың қазығы", "Кім тапқыр, кім жылдам?", "Менің жүрекжарды тілегім!" атты бес кезеңнен тұрды.

Ойында бір-бірінен асып түсер білгірлер, барлығы жеті оқырман бақ сынады.

FB_IMG_1690341493248

Таныстыру кезеңінде-ақ балалар тас-түйін дайындалып келгенін көрсетті.

Ойын барысында қатысушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақ шешті, қойылған сұрақтарға жарыса жауап беріп, берілген сөздерден тілек құрастырды.

Сайыс соңында әділқазылардың шешімімен үздік өнер көрсеткен Аружан Бекмачева І орынға лайық деп танылды. Ал ІІ орынды Аяулым Мырзатаева алса, ІІІ орынды Алина Сапарғали иеленді.  Қатысқан оқырмандардың барлығы арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Көрерменмен бірге "Сұраққа жауап" ойыны ойнатылып, тәттілер таратылды.

Шара соңында қонақтарға "Бәрін білетін кітаптар" көрмесі таныстырылды.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале