27.07.2023, 15:45
Оқылды: 43

Балаларға ойыншық сыйла, жанкүйер!

«Ақжайық» футбол клубы «Балаларға ойыншық сыйла» акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Жанкүйерлермен бірлесіп өткізілетін акцияның мақсаты ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіріндерге ойыншық сыйлау. Сол себепті клуб басшылығы тамыздың 3-і күні болатын ойынды тамашалауға келген жанкүйерге өзімен бірге жұмсақ ойыншық алып келуді сұрайды.

IMG-20230727-WA0134

Бұндай акция жаңалық емес. Мұхиттың арғы бетіндегі ұлттық хоккей лигасында басталған үрдіс. Кейін бүкіл әлемге тарап, белең алды. Елімізде мұндай қызықты үрдісті «Барыс» хоккей клубы дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Ал түркиялық «Бешикташ» пен «Антальяспор» командалары арасындағы ойында жанкүйерлер 4.17 минутында алаңды жұмсақ ойыншыққа толтырды. Түрік жанкүйерлерінің ойынның 4-ші минуты 17 секундын таңдау жайдан-жай емес. Өйткені биыл ақпанның алтысы күні орын алған зілзала таңғы 4:17-де орын алды.
Ойынның бірінші таймынан соң ойыншық алып келген әр жанкүйер сыйлығын алаңға лақтырады. Жанкүйерден түскен әр ойыншық қаладағы балалар үйіне жеткізіледі.
Құрметті оралдықтар, керемет ойынның куәсі болып, бүлдіршіндерге тамаша көңіл-күй сыйлағыңыз келсе, тамыздың 3-і күні сыйлығыңызды алып, «Ақжайық» стадионына келіңіз!

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале