28.07.2023, 9:30
Оқылды: 35

Жас кәсіпкер ауылда өрнектас өндіріп отыр

Казталов ауданының Көктерек ауылдық округіне қарасты Сатыбалды елді мекенінде тұратын Ержан Серғалиев деген азамат өзі туып өскен алақандай ауылдан көпшіліктің аулаларын абаттандыру үшін пайдалануға аса қажет өрнектастарды өндіріп, ел игілігіне жаратып жатыр.

казталов (1)

- Өзім осы жерде өскен, Сатыбалды ауылының тұрғынымын. Мамандығым бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. Ұстаздық жолда 12 жыл еңбек өтілім бар. Енді нарық талабынына бағынып, тұрақты кәсіппен айналысу бүгінгі жастардың басты ұстанымы болуға тиіс деп есептеймін. Еңбек етуден қашпай, тәуекелге бел буып, кәсібіңді дөңгелетсең, нарық тұсында көштен қалмауға болады. Адал еңбек кез келген қиындықтан алып шығады. Менің бұрын өрнектас өндіру саласында аз-кем еңбек етіп, тәжірибе жинақтағаным бар. Соны пайдама асырайын деп жақында ауылда кәсібімді ашып, жастық жігеріммен осы жұмысқа кірісіп кеттім. Шүкір, алғашқы қадамым жаман емес. Тапсырыс берушілер де табылып тұр. Тәуекелге бел бел буып, ортаға қаржы құйдым да, қажет құрылғыларды сатып алып іске кірістім. Нарық заңында шығын шықпай, кіріс кірмейтінін толық түсінген жанмын. Оның үстіне адал еңбек еткеннің тұрмысы да берекелі болатынын көзім көріп жүр. Сондықтан «Кәсібіме қарай — нәсібімді табайын» деп шештім де, жергілікті тұрғындарға пайдам тисін деген ниетпен осы кәсіпті қолға алдым, - дейді жас кәсіпкер.

казталов (2)

Орталықтан шалғай жатқан Ержан Серғалиев сияқты алақандай ауыл тұрғындарының іскерліктерін ашуға мол септігін тигізіп отыр.
Біз ештеңеден қорықпай, болашағына үлкен сеніммен қарап, батыл қадам жасаған жас кәсіпкер Ержан Мұратұлының іскерлік қадамын өз көзімізбен көріп, қолға алған алдағы кәсібіне тек  сәттілік тіледік.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

казталов (3) казталов (4) казталов (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале