3.08.2023, 16:30
Оқылды: 27

Казталов ауданы: Жол жөндеу жұмысының қарқыны баяу

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы Бостандық ауылына барды.

IMG-20230802-WA0059

Құрамында «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәслихат депутаты Дархан Даулетияров  бар комиссия жол жөндеу жұмысы мен дәрігерлік амбулаторияның құрылысына партиялық бақылау жүргізді.

IMG-20230802-WA0060

Комиссия мүшелері жол жөндеу қарқынын сынға алды. Биыл мамыр айында басталып, қазан айында аяқталуы жоспарланғанымен қазір тек 10 пайыз ғана жұмыс орындалған. Жол жөндеуге жауапты мердігер «Жайық Сити» ЖШС өкілі жұмыс нысанында болмағандықтан тапсырыс беруші Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды. Ал бұл мәселе партияның бақылауында болады.

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының жұмыс жоспарына сай партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша Бостандық ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысына партиялық бақылау жүргізді.

IMG-20230802-WA0065

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен салынып отырған медициналық нысанның құрылысын «Альтаир-СК7» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылыс биыл қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 40 пайызға жуығы аяқталған нысанның құрылысы қарқынды.

IMG-20230802-WA0066

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы комиссия мүшелері мердігерге жұмысты уақытында аяқтап, сапаға мән беруді ескертті.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале