3.08.2023, 17:30
Оқылды: 32

Тозған жолда, озған тұрмыс орнамайды

Еліміздегі де, өңіріміздегі де ең өзекті мәселе – жол. Халық көп шоғырланған, облыстағы ең ірі аудан саналатын Бәйтеректе де бұл бағытта бірқатар ілкімді істер жасалып жатыр. Статистиканы сөйлетсек, қазіргі таңда жол құрылысына қатысты жалпы ұзындығы 139,8 шақырымды құрайтын 15 жоба жүзеге асып жатыр. Келісім шарттар сомасы 9 428,4 млн теңгені құрап, өткен жылы соның 3 044,9 млн.теңге игерілген. Ал биылға жоспарланған 5 709,6 млн.теңгенің күні бүгін 3586,5 млн сомасы игеріліп отыр.

жол (3)

Былтыр 30,3 шақырымға асфальт бетон жабындысы төселген. Биылға жоспарланған 89,1 шақырымның 62,5-іне, яғни, елді мекен ішілік жолдар бойынша 12 шақырымның 6,3-іне, кірме жолдарға қатысты 77, 1 шақырымның 56,2-іне қатқыл табанды жол тартылған. Осы жылы 112,6 шақырым кірме жолды және 27,2 шақырым елді мекен ішілік жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

жол (2)

Биылғы қорытынды бойынша кірме жолдардың  321,2 шақырымы (80,4%), елді мекенішілік жолдардың көше-жол желісінің 125,9 шақырымы (26,9%) жақсы немесе қанағаттанарлық жағдайда. Ал сәйкесінше кірме жолдардың 78,6 шақырымы (19,6%) мен елді мекен ішілік жолдардың 342,3 (73,1%) шақырымы әзірге қанағаттанарлықсыз деңгейде тұр.

жол (1)

 

Гүлжаз Қалесқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале