Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясында Бейбітшілік ауылдық округінің әкімін сайлауға қатысты жиын өтті. Оған «Amanat» партиясының Бәйтерек аудандық филиалының, аудандық жастар ресурстық орталығының, «Ауыл тынысы» газеті редакциясының өкілдері қатысты.
Жиында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атап өткендей, сайлау арқылы халық өз таңдауын жасайды. Сөйтіп елге жаны ашитын, қолынан іс келетін, адамдармен тіл табыса алатын азамат әкім болып, ол тұрғындармен бірге ауыл-аймақтың дамуы үшін жұмыс атқаруы керек.
Отырыста аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылдың 2 тамызындағы №23 шешімге сәйкес 10 қыркүйегінде Бейбітшілік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтетіні кеңінен сөз болды. Басқосуда сондай-ақ аталмыш комиссияның №24 шешіміне сай сайлау округін құру туралы шешімі де қаралды. Сонымен қатар кандидатқа қойылар үлгі біліктілігі талаптары мен қажет құжаттар жайы да сөз болды.
Сәлім Мәмбеталиев,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz