3.08.2023, 18:00
Оқылды: 27

Жылы жүректі жандар мырзалығын танытып жатыр

Жақсылық жасау - қанымызға сіңген асыл қасиеттердің бірі. Осы ретте жаңа 2023-2024 оқу жылында Қ.Қайсенов атындағы мектепте «Мектепке жол» республикалық акциясы «Жақсылық жаса» атты ұранымен өтпек.

IMG-20230803-WA0028

 Аталған акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Акция 1 тамыздан басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

 «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, өткен 2022-2023 оқу жылында аталған акцияға шаруа қожалығының иелері, аудандық мәслихат депутаттары мен әріптестерімізден құралған жақсылар тобы 500 мың теңгеден астам қаражат жинап, көмек қолын созған болатын. Соның ішінде, «Киргенев» ШҚ-ның жетекшісі Қ.Киргенев 377 500 мың теңге көлемінде демеушілік жасаған болатын. Биылғы оқу жылында да аталмыш қожалық жетекшісі мырзалығын танытуда. Акция басталысымен өңіріміздегі шаруа қожалық иелері мен жергілікті кәсіпкерлер, мектеп ұжымы жедел түрде әрекет етіп, көмек қолдарын созып жатыр. Мектебіміздің сынып жетекшілері өз сыныбындағы әлеуметтік осал топ оқушыларына оқу құралдарымен жәрдемдесуде. Бұл ретте жасаған жақсылығын жария қылмауды өтінген жақсы жанның 6 оқушыға мектеп формасы, сөмке мен қажетті оқу құралдарына демеушілік жасап жатқандығын айтып өтуді жөн көрдік.

 

 

Валентина Дюсембеева,

Қ.Қайсенов атындағы ЖББОМ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале