7.08.2023, 14:45
Оқылды: 30

Әкім сайлауы өтеді

Былтырдан бастап Конституциялық заңға өзгеріс енгізілді. Сол себепті енгізілген өзгерістерді қалың оқырманға тағы бір рет жеткізу мақсатымен Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Нұрмақовқа жолығып, сөзге тартқан болатынбыз.

47c42edd03d369627a982fb166287c45_1280x720

Фото: gov.kz

- Бұрын ауыл әкімдерін мәслихат депутаттары сайлап жүрсе, қазір Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты былтыр мамыр айынан бастап халық тікелей сайлайды. Соның әсері болар, бүгінде халықтың сайлауға деген көзқарасы өзгеріп, қызығушылығы артты. Тағы бір айта кететіні, қазіргі сайлауда енді үміткерді әкім ұсынбайды. Тек партия ұсынады және әркім өзін-өзі ұсына алады. Егер сайлаудың белгіленген күніне бір кандидат қалып қоятын болса, ол кезде жоғары тұрған әкім ұсыныс бере алады. Сонымен қатар сайлау кезінде бюллетеньге «бәріне қарсымын» деген кесте енгізілді. Бұрынғы сайлауда мұндай болған емес. Қазіргі таңда сайлаудың маңызын халық жақсы түсінді. Жақында Ақтау ауылдық округінде өткен әкім сайлауында республика бойынша алғаш рет пікірсайыс ұйымдастырылды. Ол халықтың өз таңдауын жасауға жақсы мүмкіндік берді. Себебі халық көзбе-көз отырып, әр үміткердің бағдарламасын өз құлағымен естіп білді. Тіке сайлау болғаннан бастап үміткерлер енді көгілдір экран арқылы да өз бағдарламасын ұсына алатындай жағдайға жетті. Айта кету керек, 2022 жылы Оян, 2023 жылы Шежін, Тасқала, Ақтау ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Енді тамыздың 13-інде Атамекен ауылында әкім сайлауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Тіке сайлау бойынша әр кандидат бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік жарна төлейді. Бұл өзгерістің барлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық заңға енгізген өзгерістерінің ішінде көрсетілген, – дейді Асқар Ғабдрахимұлы.

Иә, жалпы ел тарихына көз жүгіртсек, сайлау жүйесі Мәселен, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бізде өткен референдум сияқты жиындарда халық талқылауынан өтіп барып қабылданған екен. Сондай-ақ билердің, жүздердің, ру-тайпалар өкілдерінің қатысуымен болған сайлаулар бізде өкілдік демократияның дамығанын көрсетеді. Кезіндегі қазақ даласындағы хан сайлауы тарихи маңызға ие сайлау жүйесінің алғышарты болған. Сайланған ханды ақ киізге көтерудің мақсаты – әр рудың игі жақсыларының басын қосып, солардың дауысын жинап, алдын ала біздегі дебаттар сияқты бірнеше күн халық жиындарында арнайы пікірталастар ұйымдастыру. Иә, сайлау – халықтың билікке деген сенімінің және азаматтық қоғамдық құқықтық қатынастың жоғары деңгейге көтерілгенінің нағыз дәлелі.

 Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале