10.08.2023, 11:15
Оқылды: 37

Қоланы да алды, командаға да көмектесті

Жуырда Белорусь Республикасында өткен ІІ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ойындарында жерлесіміз Алдияр Сайын дзюдодан 90 келі салмақ дәрежесінде қолаға ие болды.

4770df4b-8bc3-4790-a39b-77c28bae9761

Жасөс­пірімдер арасында өткен байрақты бәсекеде Алдияр Қайсарұлының қарқынды қимылына спортсүйер қа­уым риза болды. Алдияр бұл сайыста тағы бір тұғыр төріне көтерілді. Командалық  белдесуде жүлделі екінші орын алып, ортақ жеңіске үлес қосты. Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі түлегінің алғашқы бапкері – өзінің әкесі Қайсар Құсайынов. Ал жеңісті күндерге жетелеген қазіргі бапкері Алтынбек Сұпығалиевтің де еңбегі ерен. Әке жолын қуған қайсар ұлдың бағындырар биігі әлі алда!

Н. Айқын,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале