Тасқала ауданының Мерей ауылдық округінде «Алтын балық – 2023» атты балық аулаудан сайыс өткізілді.
Сайысқа алпысқа жуық үміткер, оның ішінде әйелдер де қатысып, балық аулаудан шеберлігін ортаға салды. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакиров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков, Мерей ауылдық округінің әкімі Орынбек Насимуллин қатысты. Іс-шарада сөз алған Талғат Асқарұлы жарыста бақ сынағалы отырған балықшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Сайыс қорытындысында Оян ауылдық округінің азаматы Жантілеу Мұрзағалиев І орын, қаратөбелік Досымхан Қандыбаев II орынды жеңіп алды. III орынды Олег Широглазов қанжығасына байлады. Сонымен қатар «Ең жас қатысушы» ретінде Әмір Исмағұлов марапатталса, «Ең үлкен аргумент» Қуаныш Мирғалиевке берілді. «Жасы үлкен қатысушы» аталымын Анатолий Довгалюк алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz