11.08.2023, 11:00
Оқылды: 46

Табиғат қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерінің де жалақысы өсе ме?

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі telegram каналында жазды.

d007d087-4a29-46d0-a376-b22775e4a2f4

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 581 Қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес үстемеақылар мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің штаттық қызметкерлеріне, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығы су айдындарын балықтандыру жөніндегі өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына көзделген.

Қаулының жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлеріне жоғарыда аталған үстемеақыларды белгілеу жөніндегі норма, қаулының ережелері штаттан тыс қызметкерлерге қолданылмайтындығына, олар азаматтық қызметшілер еместігіне байланысты қолдау көрсетілмеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале