11.08.2023, 16:00
Оқылды: 39

Көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

10 тамыз сағат 14:50 шамасында «КIA» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жаяу жүрген екі тұрғынды қағып кеткен.

ЖП Полиция (2)

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

1964 жылғы жүргізушісі Орал қаласындағы  Назарбаев және Хусайнов көшелерінің қиылысында жол қауіпсіздігін сақтамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен жүріп өтпекші болған 1977 жылғы әйелді және оның 2011 жылы туған ұлын қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші түрлі жарақатпен аурухана жатқызылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале