15.08.2023, 12:00
Оқылды: 136

Исатай батырдың біз білмейтін қыры

Біле жүріңіз!

Жалпы Исатай туралы халық пікірі «Исатай нағыз батыр, орынсыз мақтанның батыры емес, керек орынды батыр. Исатай - би. Би ішінде көп сөйлемейтін сабырлы адам. Керек орында намазын тастамайтын Исатай - тақуа адам» дегенге саяды.

жп

Шындық сөз! Жоғарыдағы халық ойы кейіннен тарихи деректер мен оқиғалар негізінде дәлелденді де. Оған тарих куә. Халық Исатайдың ақтығына сенді, көсемнің соңына ерді. Ал батыр өлімінен кейін халықтың Қайыпқалиға сенбеуі бекер емес. Өйткені, ол хандықтың сұлтаны болса, Исатай халықтың көсемі болды. Бұл - бір. Сондай-ақ Исатай батыр халықты Қайыпқали сұлтандай «хан болам» деп көтерген жоқ, керісінше, «қазақтың басына азат, жеріне теңдік әперем» деп көтерді. Бұл - екі. Жалпы Исатай туралы әңгіме XIX ғасырдың 30-40 жылдары кең қанат жайды. Исатай есімі бөкейліктерден әрі асып Орал, Торғай, Маңғыстау, тіпті Жетісу жеріне де жетті. Ел іші әңгімелері Ағатай батыр айтқан екен деген:

«Менің тұқымымнан жуырда біреу шығады, жалыны жалп етіп, көкке жетеді де сөнеді, әруағы менен артық болады да, өмірі менен қысқа болады».

Мұнысы осы «Исатай екен» деген әңгіме әлі күнге жоғарыдағы елдерде айтылып келгені белгілі. Сол кездің өзінде бөкейлік билер Жақсымбет би, Қуан жырау, Сарбөпе би, Шернияз шешен Исатайдың ісін «дұрыс жол, дұрыс істің басы» деп баталарын берген деседі. Ел іші әңгімелері Жақсымбет би Исатайды Жәңгірмен келістіруге ара ағайын болайын дейді. «Ханға қарсыласпа орысқа әлің келмейді, елді бүлдіресің» десе керек. Кейіннен көнбеген Исатайға «Берішке тиме, ауылың ғой, Жайыққа тиме үйің ғой, жеңіле қалсаң бұлар қорғаның болар» депті мыс. Ал Қуан жырау Исатайға қарсы қол жинап шыққан Сарбөпе биге «Батырдың ісін дұрыс деп айтып, сөзге тоқтаған, Сарбөпе Исатайларға тиіспей, жайына кетеді» дейді ел әңгімесі.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале