16.08.2023, 11:15
Оқылды: 27

Қазақстандық таеквондистер Оңтүстік Кореяда өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Чунчонда (Оңтүстік Корея) G2 Korea Open 2023 класындағы таеквондодан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

1692093717

Фото: olympic.kz

Қазақстан ұлттық командасының өкілдері бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эльдар Бірімбай күміс жүлдегер атанды. Қола медальдарды Ботагөз Қапанова (49 келіге дейін), Джансель Дениз (67 келіден жоғары), Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін) жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале