17.08.2023, 12:00
Оқылды: 25

Атамекенде абаттандыру ісі қарқынды

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Атамекен ауылдық округінің халқымен жүздесіп, тұрғындардың ұсыныс-тілегіне құлақ түрді. Округ әкімі Фархад Умбетқалиев есептік жеті айда атқарылған ілкімді істерді баяндады.

IMG_20230817_032449_577

Алдымен өткен жиында тұрғындар көтерген түйткілдердің шешілу барысын бағамдады. Мәселен, Қайнар ауылына медициналық пункт салуға қатысты аталған нысанның құрылысы 2023 жылдың шілде айында басталған. Қайнар ауылының Белес-Переметный тас жолының кіреберісіндегі кемшіліктерді жою мақсатында орташа жөндеу жобасы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда кепілдік міндеттемелеріне байланысты аудандық ТҮКШжАЖ бөліміне анықталған ақауларды жою туралы хат жолданған. Ал Атамекен ауылы халқының көптен көтерген мәселелері: су құбырын, су мұнарасын және тереңдік насосын ауыстыру бойынша «Казгражданстройпроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттарын жасап жатыр.

Округте 23 шаруа қожалығы, төрт жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және екі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі бар. Онда барлығы 198 адам еңбек етіп жүр, Негізгі бағыты – егін, мал шаруашылықтары. Ауыл шаруашылығы саласында «Авангард» ЖШС мал етін, егін өнімін өндіретін кешенде Атамекен және Қайнар ауылдарынан 120 адамды, «Киргенев» шаруа қожалығы 35 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

IMG_20230817_032503_745

«Ауыл аманаты» жобасына қатысуға округте сегіз адам анықталды. Аталған жоба аясында округте екі бағыт бойынша (сүт, құс өнімдері) жұмыс істеу жоспарланған.

Атамекен ауылындағы 282 үйдің 188-і (65,5%), Қайнардағы 201 үйдің 190-ы (96,4%)  орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Округтің 92,9 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Округ аумағы 100% электрлендіріліп, Атамекен, Қайнар, Гремячий ауылдарының көшелері толығымен көше жарығымен қамтылған.

Округ әкімі абаттандыру жұмыстарының алда да жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындар жиі көтеретін сауалдар Атамекен, Қайнар ауылдарындағы бөгеттерді жөндеу, Қайнар ауылындағы Қ.Қайсенов атындағы ЖББОМ күрделі жөндеу және Атамекен мен Қайнар ауылдарына балабақша ашу мәселелерінің де кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

 

Сәлім Мәмбетәлиев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 «»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале