“Спорт күні” мерекесі қарсаңында қала әкімі Миржан Сатқанов бірқатар спорт ардагерімен кездесті.
- Спорт ел имиджін қалыптастырады. Бүгінде өңір спортшылары талай жарыста жүлде салды. Жастарымыз үлкен додаларда жеңіске жетсе, ол – аға буын спортшыларының тәлім-тәрбиесінің жемісі. Баршаңызды "Спорт күні" мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңіз сау, отбасыңыз аман болсын! Шәкірттеріңіз жеңісімен қуанта берсін! - деді қала әкімі М. Сатқанов.
Одан соң шаһар басшысы қала спортының дамуына үлес қосып жүрген ардагерлерді “Спорт ардагері” төсбелгісімен марапаттады.
Олардың арасында Орал қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, еркін күрестен КСРО спорт шебері Мынатаубиік Әнесов, допты хоккейден КСРО спорт шебері, жоғары санаттағы жаттықтырушы Михаил Адаев, Орал қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Вера Чупрова, пара пауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшы-ардагерлер арасында екі дүркін Азия чемпионы Құбайдолла Хасанов, грек-рим күресінен Әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпаздарын дайындаған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Адгам Хабибуллин, педагогика ғылымдарының кандидаты, Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық Университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасында қызмет еткен, гір спортынан ардагерлер арасында екі дүркін Азия чемпионы Николай Коломоец бар.
Қала басшысының құрметіне разы болған ардагерлер Миржан Мұнайдарұлына ризашылығын білдірді.
Аружан Ғайнолла,
Орал қалалық дене шынықтыру және спорт
бөлімінің баспасөз хатшысы