Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы Күштердің алдына қойып отырған басты талаптарының бірі - әскерилердің кәсіби шеберлігін шыңдау, жан-жақты дамыту. Олардың мәртебесін көтеріп, мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру. Осыған орай 14-17 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде әскери жоғары оқу орнын бітірген жас түлектердің оқу-әдістемелік жиыны өтті.
Жиынға Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген 36 жас офицер қатысты. Әскери қызметшілерге арнап әдістемелік сабақтар, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық және штабтық даярлықтар, семинарлар, дәрістер, нұсқаулық-әдістемелік көрсеткіштері және оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.
Жиын барысында «Взводтың жеке құрамымен көрсетпелі мемлекеттік-құқықтық сабақтың методикалық ұйымдастырып, оқытуы негізі» атты алғашқы оқу-әдістемелік сабақты қолбасшының тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов өткізді.
Қолбасшылық басқармасында өткен жиынның күндік кестесі қарбалас тіршілікке толы болды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Анатолий Чулкиннің өткізген жауынгерлік дайындық көрсетпелі-әдістемелік сабақтар өте қызықты да тартымды өтті. Дәрістер кезінде көптеген жас офицер өздерінің жоғары білімдігін танытты.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников жиын көздеген мақсатына жеткенін, осы көрсеткен нәтижелер оларға бағынысты бөлімшелерді басқаруда және жеке құраммен күнделікті іс-қимыл жасауда, сондай-ақ қызметтік-әскери міндеттерді орындау барысында септігін тигізетінін атап өтті.
Жиының қорытынды жиналысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев тәртіпті күшейту мәселелеріне ерекше тоқталып, жас командирлерге нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ үздік көрсеткішке қол жеткізген жас лейтенанттарды мадақтама қағаздарымен марапаттады.
Ертуған Әубакир,
капитан