Кәсіпорын Орал қаласын сумен қамтамасыз етеді. Коммуналдық кәсіпорынның балансында шамамен 860 шақырым құбыр желісі бар. Оның 60% -дан астамы тозған.
Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, биыл төрт шақырым су құбыры және кәріз желісі, КСС, қысымды коллекторларды күрделі жөндеу үшін инвестициялық іс-шараларды іске асыру, құбырларды, сорғыларды және басқа да жабдықтарды ауыстыру үшін 516,3 миллион теңге тартылан.
Кәсіпорында 787 адам еңбек етеді.
Айта кету керек, БҚО-да 1м3 судың құны - 45,8 теңге. Бұл - ең төменгі тарифтің бірі. Ел бойынша орташа тариф - 82,65 теңге.
Әлібек Қуантыров Министрлік іске асырып жатқан "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.
Биыл 5,8 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу үшін шамамен 250 млрд. теңге инвестиция тартылып жатыр. Жаңа тәсілдер шеңберінде министрлікте осы жылдың екінші тоқсанда тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 212 өтінім бекітілген.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы 200 мың қызметкердің жалақысын 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл осы саладағы кадр тұрақтамауын азайтады.
- Жүргізіліп жатқан барлық шара апат пен желіден ажыратуды азайтып, шығынды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігін жақсартады, - деді министр.
Сондай-ақ ҰЭМ басшысы БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінде болды. Кеңес барысында ТМРКД-ның жұмысының негізгі бағыттары, сондай-ақ тарифтік саясат және желілерді үздіксіз қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін инвестициялар тарту талқыланды. Министр тариф белгілеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.