18.08.2023, 16:15
Оқылды: 13

Тұрмыстық қалдықтар полигонында көміртегі оксиді концентрациясының мөлшері артқандығы анықталды

Батыс Қазақстан облысындағы Экология департаментіне 16 тамызда қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жанып жатқаны жөнінде әлеуметтік желілерден ақпарат түскен.

997c1fda-f64d-4848-8f91-e16c1ba835af

Осыған байланысты Департамент мамандары «Казгидромет» РМК БҚФ және ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы» мамандарымен бірлесіп, қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының санитарлық қорғау аймағы шекарасынан, Зашаған кентінің Балауса және Сарытау шағын аудандарынан атмосфералық ауа сынамаларын алды.

Химиялық талдаулар нәтижесінде полигонның санитарлық қорғау аймағы шекарасында көміртегі оксиді 1,2 есе, шаң 17,0 есе және көмірсутек 1,1 есеге артық екендігі анықталған.

Зашаған кентінің Балауса және Сарытау шағын аудандарынан алынған атмосфералық ауа сынамаларында ластағыш заттардың концентрациялары шекті жол берілетін концентрациядан аспағандығы анықталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале