Күні кеше Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль алған Нұрлан Исатаевты облыс әкімі қабылдады.
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев:
- Сендей жастар ел мақтанышы. Сен тек облыс атын ғана ұлықтамай бүкіл Қазақстанды әлемге көрсеттің. Сен - біздің мақтанышымызсың, - деп жас чемпионға пәтер кілтін табыс етті.
Айта кетейік Нұрлан Исатаев БҚО-дан шыққан дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы.
- Мен өте қуаныштымын. Маған ерекше қолдау көрсетіп жатыр. Үмітті ақтап, әлемге танымал болғым келеді, - деді жас чемпион Нұрлан Исатаев.
Бүгін Нұрлан Исатаевтың жаттықтырушысы Алтынбек Сұпығалиевке де бір миллион қаржылай сыйлық берілді.
Нұрлан Исатаевтың отбасы Ресейден көшіп келген. Қазақстан азаматтығын осы тек биыл наурыз айында алыпты. Отбасында үш баланың үлкені. Ол биылдан бастап Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 10 сыныбына қабылданған.
Нұрлан Исатаев күні кеше Хорватия елінің Загреб қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан чемпионатта әлем чемпионы атанып отыр. Жарысқа жалпы саны 64 елден 576 спортшы қатысқан. Біздің чемпион 56 келі салмақта өнер көрсеткен.
Нұрлан Исатаев жартылай финалға дейін Түркіменстан, Армения, АҚШ спортшыларын жеңген. Ал Финалда Грузия елінің спортшысын жеңіп, әлем чемпионы атанған.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz