«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының жол картасындағы жобаларды жүзеге асыру аясында аудан орталығындағы 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне партиялық бақылау бекеті ашылды.
Аталған нысанға «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов барып, құрылыс қарқынымен танысты.
Қазіргі таңда нысанда тас қалау, металл құрылғыларды орнатып жатыр. Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмысы 80 пайызға аяқталған. Жылыту қазандығын орнатып жатыр.
Айта кетейік, 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» тапсырысымен «AGA BUILDING GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр.
Бекарыс Әбіш,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz