Қазіргі уақытта көптеген елде микронутриенттер, оның ішінде темір тапшылығының мәселесі жаппай тұтынылатын тағам өнімдерін дәрумендермен және минералдармен байыту (ұн, нан-тоқаш, макарон, кондитер өнімдері, сүт өнімдері, шырындар, сусындар) тиімді шешіліп келеді.
Халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда 2003 жылдан бастап бірінші және жоғары сұрыпты бидай ұнын алты микронутриентпен: темірмен, мырышпен, және төрт дәруменмен (В1, В2, фолий және никотин қышқылдары) байыту (фортификация) бағдарламасы басталды. Ұнды осы алты микронутриентпен байытуға арналған премикстерді (қоспа) Қазақ тағамтану академиясы әзірлеген.
Бидай ұны келесі себептер бойынша байытуға (фортификациялауға) оңтайлы өнім:
- халықтың барлық жастағы және әлеуметтік топтарының үлкен бөлігі тұтынатын бұқаралық азық-түлік өнімі;
- дәрумендер мен минералдардың олардың ағзада оңтайлы қорытылуын қамтамасыз ететін шағын күнделікті дозалары қолданылады;
- қауіпсіздігі, яғни, өнімді денсаулыққа қауіпті болатын мөлшерде тұтынудың мүмкін еместігі;
- қосылған дәрумендер мен микроэлементтер – астықтың табиғи құрамдас бөліктері, олардың көпшілігі тарту процесінде жоғалады, яғни, жаңа элементтер енгізілмейді;
- құнының халықтың ең мұқтаж бөлігіне қолжетімді болатындай тиімділігі және жоғары болмауы;
- қолданыстағы технологиялық процеске оңай бейімделу (ұнтақты ұнтаққа қосу), басқа тағам өнімдерінің мұндай артықшылығы жоқ;
- сыртқы түрінен, пісірілу сапасынан немесе сақтау мерзімдерінен көрініс беруі мүмкін теріс әсерлерінің болмауы.
Ең көп таралған астық дақылдары – бидай мен қара бидай өз алдарына В1, В2, В6, Е дәрумендері, ниацин, сондай-ақ, темір мен мырыштың өте жақсы көздер.
Темірдің түрін және дәруменді-минералды кешеннің (премикс) құрамын таңдағанда келесі факторлар ескеріледі:
- премикске кіретін ингредиенттердің үйлесімділігі;
- кешен бидай ұнының органелептикалық қасиеттерін өзгертпеуі тиіс;
- фортификант ұзақ уақыт сақтау үдерісінде барынша тұрақты болуы тиіс;
- фортификация байытылған ұнға қойылатын бағаның біршама жоғарылауына әкелмеуі тиіс.
Фортификацияланған ұн мен одан даярланатын өнімдерді халықтың барлық бөлігінің жаппай және ұдайы пайдалануына қол жеткізгенде анемияның таралуын түбегейлі төмендетуге және адамдардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізуге болады.
Үй жағдайларында байытылған ұнды пайдалану және оны тұрақты рационға қосу ағзаны дәрумендермен және микроэлементтермен қамтамасыз етуді, денсаулықты едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Ал білім беру саласында оқушының оқу үлгерімін арттыруға көмектеседі.
Бүгінгі таңда департаменттің бақылауында үш ұн тарту объектісі бар. Оның ішінде барлық диірмен кәсіпорны жоғары және бірінші сортты ұнды фортификация жасайды. «Желаевское КХП» АҚ, Орал қаласының аумағында «Агро-Белес» ЖШС және Бәйтерек ауданының аумағында «Агро-Белес» ЖШС.
Оксана Вивтоненко,
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің жетекші маманы