7.09.2023, 9:45
Оқылды: 60

Түркістан облысында бес жасар қыздың өліміне қатысты сот басталды

6 қыркүйек күні сот 13 шілдеде сотталушының үйінен мәйіті табылған Сарыағаш ауданындағы бес жасар қыздың жан түршігерлік өліміне қатысты істі қарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
законкз

Сурет: zakon.kz

Процестің басталғаны туралы адвокат Талғат Есімов 6 қыркүйек күні түстен кейін өзінің Telegram-дағы арнасында айтты. Адвокаттың айтуынша, сот процесі басқа аймақта өтіп жатыр.

«Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үлкен резонанс аясында кез келген шектен шығудың алдын алу мақсатында сот процесі басқа облыстағы тергеу изоляторының аумағында өтіп жатыр. Менің жеке ұстанымым: Үкім бір, сотталушыны қоғамнан өмір бойы оқшаулау болуы керек».

Талғат Есімов, заңгер

«Отырар» басылымының хабарлауынша, бұл іске қатысты үкім алдағы уақытта шығады.

13 шілде күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны бес жасар қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Ауыл тұрғындары полициямен бірлесіп, қызды іздеген. 5 жасар қыздың денесі жергілікті тұрғынның үйінің шатырынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Ер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Бұл атышулы қылмысқа қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале