7.09.2023, 17:00
Оқылды: 25

Оралда ұландықтар нашақорды ұстады

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері қалалық мәдениет және демалыс саябағында ер адамды есірткімен ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

1634B54A-7163-4125-B150-D7C50A3174B1

«Кеше сағат 19.05-те қалалық мәдениет және демалыс саябағында патрульді-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Әли Бұхарбаев пен патрульдік қатардағы жауынгер Нұрхат Айыпов қала тұрғынын ұстады.

Күдікті құқықтық тәртіп әскері сарбаздарын байқап, олардан жасырынуға әрекет етті. Бірақ ұландық жауынгерлердің қырағы іс-әрекетінің нәтижесінде күдікті ұсталды.

– Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сырттан тексеру кезінде оның күртешесінің қалтасынан ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді, - деді әскери жасақ бастығы Әли Бұхарбаев.

Құқық бұзушы Абай полиция бөліміне жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале