10-12 қыркүйек күндері аралығында Ливан мемлекеті Бейрут қаласында паратаеквондодан VIII ашық Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшесі, батысқазақстандық спортшы, бөрлілік Марьям Салимгереева К-44 категориясында 65 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
Марьям алғашқы қарсыласы болған тайландтық спортшыны 20:7 есебімен жеңсе, финалдық бәсекеде ирандық спортшыны 12:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Жалпыкомандалық есепте әйелдер арасында Қазақстан құрама командасы үшінші орынды иеленді.
Марьямды жарысқа дайындаған – БҚО бойынша паратаеквондодан аға жаттықтырушы Ербол Мерғалиев.
Айта кетейік, жақын күндері Марьям мен ел мақтанышы Малик Мукашов Мексикада өтетін Әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.
Әсем Шукатова
Бөрлі ауданы