13.09.2023, 12:00
Оқылды: 53

Жәнібектік жастардың басты талабы – жайлы ғимарат

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Батыс Қазақстан облысында ауыл жастарын қолдауға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» жобасы туралы жеткізіп һәм жүзеге асыру үшін жастар ақпараттық тобы аудан жастарымен жүздесті.

4E9BC11D-BD89-4A91-BD0B-729F99A63243
Топ
құрамында БҚО бойынша «Болашақ» КҚ директоры Салтанат Тұманбаева, «AMAMAT»партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов, Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Дулат Жүсіпқалиев, аталған орталық маманы Гүлзия Ахметова және «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлбаршын Мұштанова болды.

Кездесу барысында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді. Жастар арасындағы әр қилы мәселелерді талдап, онымен күрес жолында жасалатын шаралар жөнінде ұсыныстар айтылды.

BE5EF899-A638-4FB9-B8AB-91735DBC6833

Жүздесуге қатысқан әртүрлі саланың жас мамандары стикерге ауданда өткен үздік бес шара туралы жазып, келесі кезеңде жалпы жастарға қатысты мәселелерді жазып, оларды талдады.

Жәнібектік жастардың бір ауыздан жеткізген мәселесіжайлы ғимарат болды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі жастардың басын қосып, жобаларды талқылап, ойларымен бөлісу үшін қолдан келгенше кездесулер ұйымдастырып жүргені белгілі.

Өкіншке қарай, көп шаралар ойдағыдай өтпейді. Шабыттанып жиналған жастар қазіргі орталықтан шыққанша асығатыны жасырын емес. Жаздың аптап ыстығында далада немесе мәдениет үйінің есігін сығалап дайындалуға мәжбүр.

Себебі жастарға берілген ғимараттың сапасы сын көтермейді. Ауданда білім мен жаңа дүниелерге құштар жастардың қатары көп. Олардың арасында қазіргі таңда өте маңызды мәселеге айналған ауыз суға қатысты жоба авторы да бар.

9CC6AE3D-D6F5-4001-A27B-D5678CE0BE51

Нәтиже жаман емес. Тек бір орында қалмау үшін заман ағымына сай жабдықталған, жастар өздері асығып баратын ғимарат қажет-ақ.

NEET санатындағы, яғни, «не жұ­мыс істемейтін, не оқымай­тын, не өзге де істермен айналыспайтын» жастарды былай қойғанда, көзі ашық, көкірегі ояу жандарды жинау әбігер. Мемлекеттік бағдарламалар, кәсіп бастауға арналған гранттар, білім гранттары туралы ақпарат аудан жастарына жетпейді. Өйткені олардың басы жиі қосылмайды. Осы орайда жаңа әрі жайлы ғимараттың керегін тағы да айта кеткен жөн.

Ақпараттық түсіндіру тобы жастарға кеңірек мағлұмат беріп, еркін пікір алмасты. Айтылған мәселелердің жерде қалмайтынына кепілдік берді.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале