Бүгін «Атамекен» өнер ордасында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру» аясында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» шарасы өткізілді.
Шара барысында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мэлс Семғалиев сөз сөйлеп, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, ең алдымен, отбасы шеңберін, оқу орындарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, жастар бірлестіктері жұмысы арқылы жүзеге асырылатынын атап айтты.
Дөңгелек үстелге «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, профессор, ҚРҰИА вице-президенті, академик, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалының директоры Ақсерік Әйтімов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров қатысып, келелі пікірлерімен бөлісті.
Шарада студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Маратова Аида
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық байланыс жүйелері университетінің саяси-идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша ректор кеңесшісі