«Жер аманаты» жобасы аясында 8 млн. гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл мақсатсыз пайдаланылып жатқан жерлер. Енді оның игілігін нақты қолынан іс келетін шаруалар көреді, деп хабарлайды 24.kz.
Атап айтар болсақ, Ақмола облысы бойынша 125 мың гектарға жуық игерусіз жатқан жер осы «Жер аманаты» жобасы аясында мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл жыл басынан бері атқарылған жұмыстың нәтижесі. Бүгін осы жоба туралы естіген өңірдің бірқатар шаруасы «Аманат» партиясының ғимаратына барып, жайылымдық жер бөлуге қол ұшын созуды сұрады. Енді «Жер Аманаты» комиссиясының мүшелері мәселені шешу үшін Ақмола облысына арнайы барады.
– Есіл бойынша жайылымдық жердің аздығы мәселесі көтеріліп жатыр. Есіл ауданына барып, облыстық құзырлы органдармен жұмыс жүргізіп, шешімін айтамыз, дейді «AMANAT» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ардан Аралбай.