18.09.2023, 17:00
Оқылды: 17

Жәнібекке ҰҚК Шекара қызметінің ән-би ансамблі келді

2B45BD63-6698-4DC8-A616-C6A9A6020482

Жәнібек ауданына келген ҰҚК Шекара қызметінің  ән-би ансамблін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұрболат Садырбаев, аудандық шекара басқармасының басшысы, подполковник Қуанышбек Нүсіп, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Болатбек Оразғалиев және аудан өнерпаздары қазақы дәм ұсынып қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 19:00-де аудандық мәдениет үйінде ҰҚК Шекара қызметі ән-би ансамблінің концерті өтеді.

Олар еліміздің көптеген қалаларын аралап, тұрғындардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында сапарға шықты.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале