Қосымша ақы 4539 қызметкерге тағайындалады.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
«Министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 млн теңге көлемінде үнемделген сома анықталды. Министр Ерлан Нысанбаев аталған қаражатты 1 шілдеден бастап жалақысы көтерілгендер санатына кірмеген қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу үшін пайдалануды тапсырды», - делінген хабарламада.
zhaikpress.kz