Астанада «R-Club» және «R-Club Deluxe» құрылыс компанияларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың басшылары ұсталып, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Астана қалалық прокуратурасының ақпаратына сәйкес, қос компания үлескерлердің 4 млрд. теңгеден астам қаражатын тартқан, деп жазды Ұлттық арна.
Алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн. теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс былтыр аяқталуы тиіс болған. Бірақ бітпеген. Қазір алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Іске қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.